Тарату нүктелерін автоматты түрде тағайындау

Тарату нүктелерін автоматты түрде тағайындау ұсынылады. Бұл жағдайда, Kaspersky Security Center бағдарламасы тарату нүктелеріне қандай құрылғыларды тағайындау керектігін өзі таңдайды.

Тарату нүктелерін автоматты түрде тағайындау үшін:

  1. Басты мәзірде қажетті Басқару сервері атауының жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.

    Басқару серверінің сипаттары терезесі ашылады.

  2. Жалпы қойыншасында Тарату нүктелері бөлімін таңдаңыз.
  3. Тарату нүктелерін автоматты түрде тағайындау параметрін таңдаңыз.

    Егер тарату нүктелерінің құрылғыларын автоматты түрде тағайындау қосулы болса, тарату нүктелерінің параметрлерін қолмен конфигурациялау, сондай-ақ тарату нүктелерінің тізімін өзгерту мүмкін емес.

  4. Сақтау түймесін басыңыз.

Нәтижесінде, Басқару сервері тарату нүктелерін автоматты түрде тағайындайды және олардың параметрлерін конфигурациялайды.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: "Лаборатория Касперского" бағдарламалары мен дерекқорларын үнемі жаңартып тұру

Басына оралу